Қатысу ережелері

«Miller Tribe-тың бір бөлігі атан!» ЖОБАСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
(әрі ҚАРАЙ – «Жоба ережесі» немесе «Ереже»)

1. Жалпы ережелер
1.1 Жоба туралы жалпы мәліметтер:
1.1.1 «Miller Tribe-тың бір бөлігі атан!» (әрі қарай – «Жоба») Жобасының ұйымдастырушысы мына мекенжайда орналасқан «Эфес Қазақстан» ШК АҚ-тың Алматы филиалы (мәтін бойынша әрі қарай – «Ұйымдастырушы») болып табылады: 040912, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай а/о, Береке ауылы, 062 есептік орам, 112 құрылыс.
1.1.2 Жоба «Miller Genuine Draft” брендінің танымалдылығын арттыруға бағытталған.
1.1.3 Жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
1.1.4 Жоба лотерея емес және міндеті өнімді жарнамалау болып табылатын іс-шара емес, тек ақпараттық сипатта болады және қатысқаны үшін сыйлықтар беру түрінде өткізіледі.
1.1.5 Жобаға қатысу үшін төлем алынбайды.
1.1.6 Жобаға қатысушылар жобаға қатысуға және сыйлық алуға байланысты талаптарды жоба ережелерімен белгіленген тәртіпте және мерзімде сақтауға міндетті.
1.1.7 Жобаны өткізу шарттары, оны өткізу барысы туралы барлық ақпарат сайтта жарияланады www.miller-music.kz (бұдан әрі мәтін бойынша - "Сайт").

2. Жобаға қатысу шарттары:
2.1 Жобаға жиырма бір жасқа толған, Жоба Ережелерімен келіскен және барлық қатысу шарттарын орындаған Қазақстан Республикасының азаматы (әрі қарай – «Қатысушы”) қатыса алады.
2.2. Жобаға «Эфес Қазақстан» ШК АҚ және оның Алматы филиалының қызметкерлері, олардың жақын туыстары, сондай-ақ Ұйымдастырушымен жұмыстарды орындауға және/немесе қызметтерді көрсетуге азаматтық-құқықтық шарттар және өзге де шарттар жасасқан жеке тұлғалар қатыса алмайды.
2.3 Сайттағы Жобаға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушымен және осы Жобаны жүзеге асырумен тікелей байланысты үшінші тұлғалармен өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға, сондай-ақ Жобаны өткізу, сыйлықтарды тапсыру және жеткізу, Жоба нәтижелерін жариялау мақсатында олардың арасындағы дербес деректермен алмасуға келісімін береді.
2.5 Жобаға «Miller Genuine Draft» тауар белгісінің келесі өнімдері (әрі қарай – Өнім) қатыстырылады:
MILLER GENUINE DRAFT ақшыл сырасы, 4,4%, шыны бөтелке, 0.33 л
MILLER GENUINE DRAFT ақшыл сырасы, 4,4%, шыны бөтелке, 0.5 л
MILLER GENUINE DRAFT ақшыл сырасы, 4,4%, шыны бөтелке, 0.33 л * 6 мультипак
MILLER GENUINE DRAFT ақшыл сырасы, 4,4%, қаңылтыр банкі, 0.45 л

3. Дербес деректер:
3.1 Жобаға Қатысушы жеке, өз атынан, өз еркімен және дербес әрекет етеді.
3.2 Жобаға Қатысушы жауапкершіліктің барлық тәуекелдерін және Жобаға қатысуға байланысты салдарды өзіне алады.
3.3 Жобаға қатыса отырып, әрбір Қатысушы Жобаның осы ережелерімен танысқанын және толық келісетінін, оларды сақтауға міндеттенетінін куәландырады және растайды.
3.4 Жобаға қатыса отырып, Қатысушы Жобаға қатысты ақпаратты алуға өзінің келісімін береді. Ұйымдастырушы Қатысушыға кез келген ақпаратты Қатысушымен алдын ала келісімсіз Telegram-бот арқылы жеке хабарламамен жіберуге құқылы.
3.5 Жобаға қатыса отырып, Қатысушы осы Жобаны жүзеге асыруға тікелей байланысты Ұйымдастырушының және үшінші тұлғалардың өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға, сондай-ақ Жобаны жүргізу, Жоба нәтижелерін жариялау, сыйлықтарды тапсыру және жеткізу мақсатында олардың арасында дербес деректер алмасуға,
жәнеде кодтарды жинақтауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген жағдайда өз атын Сайтқа орналастыруға келісім береді.
3.6 Ұйымдастырушы осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді атқаруға міндеттенеді.


4. Жобаны өткізу кезеңі:
4.1 Жобаны өткізу кезеңі: 2023 жылғы «01» шілдеден бастап 2023 жылғы «14» қыркүйекті қоса алғанда. (Жоба Ұйымдастырушының шешімі бойынша мерзімінен бұрын аяқталуы немесе ұзартылуы мүмкін).
4.2 Жобаға қатысу үшін өнімді сатып алу мерзімі: 2023 жылғы «01» шілдеден 2023 жылғы «14» қыркүйекті қоса алғанға дейін.
4.3 Жобаға қатысу үшін фискалдық чектерді (бұдан әрі – «Чек») тіркеу мерзімі: 2023 жылғы «01» шілдеден 2023 жылғы «14» қыркүйекті қоса алғанға дейін.
4.4 Сыйлықтар алу құқығын алған адамдарды анықтау және Жобаның нәтижесін Сайтта жариялау күні: 2023 жылғы «01» шілдеден бастап 2023 жылғы «16» қыркүйекті қоса алғанға дейін.
4.5 Сыйлықтарды беру мерзімі: 2023 жылғы «01» шілдеден бастап 2023 жылғы «31» қыркүйекті қоса алғанға дейін. (Сыйлықтарды беру мерзімі Ұйымдастырушының шешімі бойынша ұзартылуы немесе мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін).

5. Қатысушыларды жобадан шығару:
5.1 Қатысушы Ереженің 8.1.13-тармағына сәйкес бір фотосуретті жариялау арқылы қатысады.
5.2. Қатысу мынадай жағдайларда жоққа шығарыла-ды:
5.3 Қатысушы 21 жасқа толмаған;
5.4 Қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы емес;
5.5 Қатысушы Сайтта өз атына бірнеше жалған акка-унт тіркеген;
5.6 Қатысушы Жобада жеңіске жету мүмкіндігін арт-тыру үшін жосықсыз әдістерді қолданған.

6. Сыйлықтар қоры:
6.1 Жобаның сыйлық қорына Welcome-pack, Апталық, Айлық сыйлықтар және Негізгі сыйлық кіреді.
6.2 Welcome-pack: Алиса Лайт музыкалық станциясы, фестивальге 2 билет — тіркелген алғашқы 30 қатысушыға.
6.3 Апта сайынғы сыйлықтар: JBL динамиктері, JBL құлаққаптары, фестивальге 2 билет – 11 жеңімпазға.
6.4 Ай сайынғы сыйлық: iPhone 14 телефоны, фестивальге 2 билет-2 жеңімпазға.
6.5 Негізгі сыйлық: кешке арналған жинақ, соның ішінде винил ойнатқышы, Marshall динамигі, Яндекске жылдық жазылым, винил пластинкасы, дискотекаға арналған портативті лазер. Жоба сыйлықтарының жалпы саны мен құрамы Ұйымдастырушының шешімімен өзгеруі мүмкін.
6.6. Сыйлықтар саны шектеулі.

7. Жобаға қатысу.
7.1 Жобаға қатысу үшін:
7.1.1 Өнімді кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес тек қана жеке немесе өзге де пайдалану үшін сатып алу, Miller GENUINE DRAFT (бұдан әрі – «Өнім») тауар белгісінің өнімімен чекті бір бірлік санында тіркеу,
Сайтта Жоба қағидаларының 4-тармағына сәйкес мерзімде бақылау – касса машинасының фискалдық чегінің нысаны мен мазмұны туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін Өнімді сатып алуды растайтын Чекті (бұдан әрі – «Чек») алу және сақтау.
7.1.2 Сайтта тіркелу: 21 + дисклеймер расталғаннан кейін Сайттың тиісті бөлімінде, Жобаның ресми Telegram ботында тіркеу нысанын толтыру.
7.1.3 Тіркеу нысанының толтыруға міндетті өрістері:
● Аты;
● Тегі;
● Қаласы;
● Ұялы телефон нөмірі;
● Қатысушының Жоба ережелерімен келісуі.
● Туған күні.
7.1.4. Егер Қатысушы міндетті өрістердің ешқайсысын толтырмаса, олар жіберіп алған өрісті толтыру қажеттілігі туралы хабардар етіледі.
7.1.5 Ұялы телефон нөмірі Жобаға қатысушының идентификаторы болып табылады. Бұл нөмірге Апта сайынғы және Ай сайынғы сыйлықтар ұтыс ойынына қатысу үшін идентификаторлары берілген тіркелген Чектер қосылады. Ұялы телефон нөмірі Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторына тиесілі болуы қажет.
7.2 Сайтта Чекті 8.1 тармағына сай Жоба Ережелері талаптарына сәйкес тіркеу.
7.3 Чекте мынадай ақпараттың болуы міндетті талап болып табылады:
7.3.1 Сатып алынған Өнімнің атауы мен саны;
7.3.2 Сатып алынған Өнімнің құны;
7.3.3 Сауда нүктесінің мекен-жайы;
7.3.4 Өнімді сатып алу күні мен уақыты.
7.4 Жобаға қатысуға Жобаны өткізу кезеңінде сатып алынған Өнімнің чектері ғана қабылданады. Чек Жобаға бір рет қатысады.
7.5 Жоба Ережелерінің 4-тармағына сәйкес Жобаны өткізу мерзімдеріне сәйкес келмейтін сатып алу күні көрсетілген чектер Жобаға қатысуға жіберілмейді.
7.6 Жоба Ережелерінің 7.3-тармағында көрсетілген қандай да бір ақпарат жоқ және фискалдық чектердің нысаны мен мазмұнына қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін чектер Жобаға қатысуға жіберілмейді.

8. Жобаға қатысу шарттары.
8.1. Чекті «Miller Music» Telegram ботында (бұдан әрі - Telegram-бот)тіркеу:
8.1.1. Чекті тіркеу үшін тіркеу нысанының барлық өрістерін толтыру, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге келісім беру және Жоба Ережелеріне келісім беру қажет.
Telegram-ботқа тіркелу кезінде Қатысушы енгізген деректер дәл, дұрыс және өзекті (сенімді)болуы тиіс.
8.1.2. Қатысушы Чекті дұрыс тіркеген кезде оған бірегей идентификатор беріледі, жүйеде баллдар есептеледі.
8.1.3. Қатысушы чекті тіркеу туралы жауап хабарламасында Чектің жүйеге жүктелгені туралы хабардар етіледі.
8.1.4 Чектің Жоба ережелеріне сәйкестігін тексергеннен кейін, Қатысушы бұл туралы Telegram-ботта қосымша хабарламамен хабардар етіледі.
8.1.5 Чектерді Ұйымдастырушының дерекқорына тіркеу Жоба қағидаларының 4-тармағына сәйкес Жоба кезеңінде күн сайын 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.
8.1.6 Чекті тіркеу кезінде Қатысушы фискалдық Чекті жүктеу нысанын пайдалана отырып, Сайтта Чектің суретін (чектің сканерленген көшірмесін немесе JPEG, JPG, PNG форматындағы фотосуретін) жүктеп салуы, сондай – ақ арнайы өрістерде Чекте көрсетілген деректерді көрсете отырып, Сайтта чектің тіркеу нысанын (бұдан әрі – «Чектің тіркеу нысаны») толтыруы қажет:
• Сатып алу жасалған күні (чекте көрсетілген);
• Чектегі MILLER GENUINE DRAFT Өнімдерінің позицияларының саны.
8.1.7 Чек жүктелгеннен кейін Қатысушының Чекті тіркеу нысанында «Чек модерацияға қабылданды» ақпараты көрсетіледі.
8.1.8 Әрбір тіркелген Қатысушыға модерациядан өту үшін бірегей реттік нөмір беріледі.
8.1.9 Чек сайтта тіркелгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушы чектің жоба қағидаларының шарттарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді (бұдан әрі – «Модерация»).
8.1.10 Модерация нәтижелері:
• Егер Чек Жоба Ережелерінің шарттарына сәйкес келсе, ресми Telegram-бот Қатысушының табысты модерациямен қосымша жинақталған ұпайлары туралы хабарлама жібереді;
• Сайтта тіркеу нысанын толтыру кезінде Қатысушы ұсынған деректердің Жоба ережелеріне кез келген сәйкессіздігі анықталса немесе Сайтқа жүктелген чектің Жоба талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Қатысушыға тіркеу кезінде көрсетілген мобильді нөмірге жүктелген Чектің деректері Жоба ережелеріне сәйкес келмейтіндігі туралы мәтіндік хабарлама жіберіледі.
8.1.11 Чектер жобаға қатысуға жіберілмейді, егер:
• Сайтта Чекті тіркеу нысанына енгізілген Чек деректері мен Сайтқа жүктелген Чек суретіндегі деректер сәйкес келмесе;
• Чекте көрсетілген күн Жоба қағидаларының 4-тармағында көрсетілген кезеңге сәйкес келмесе;
• Чекті Ұйымдастырушы шынайы деп сәйкестендіре алмайды (қателерді қамтиды, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және т.б.); Чектің тұтастығы бүлінген/бұзылған. Чектің тұтастығы толық сақталуы керек. Чек кез-келген механикалық әсерге ұшыраған жағдайда жарамсыз болып саналады: мыжылған, суланған, жыртылған, чектегі ақпарат оқылмайды және т.б.;
• Сайтқа жүктелген Чектің суреті бұлыңғыр, анық емес, чектегі ақпаратты оқу мүмкін емес;
• Чек Жоба ережелерінің 8.1.6 және 7.3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді;
• Чек-көшірме болса (сол немесе кез-келген басқа акцияға қатысушы).
8.1.12. 1 (бір) Чек Сайтта бір рет тіркелуі мүмкін. Қатысушы бір Чектің деректерін екі және одан да көп рет тіркеуге әрекет жасаған жағдайда, Чектің өзі және Чектің қайталама деректері Жобаға қатысуға қабылданбайды.
8.1.13. Қатысушылармен тіркелген Чектердің барлық суреттері Жобаға қатысушылар туралы ақпаратты қамтитын ұйымдастырушының деректер базасында (бұдан әрі – «Ұйымдастырушының деректер базасы») сақталады.
8.1.14. Чектерді Ұйымдастырушының дерекқорына тіркеу Жоба қағидаларының 4-тармағына сәйкес Жоба кезеңінде күн сайын 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.
8.1.15. Жоба қағидаларының талаптары орындалған жағдайда әрбір Қатысушы Жобаға шектеусіз рет қатысуға (чектердің шектеусіз санын тіркеуге) құқылы.
8.2 Ұйымдастырушы Қатысушымен оларға берілген байланыс арналары арқылы байланыса алады:
Ұялы телефон. Қатысушы тіркеген ұялы телефон нөмірі Жобаның бүкіл мерзімі ішінде Қатысушыда сақталуы тиіс. Үшінші тұлғалар ұялы телефон нөмірін иеленген жағдайда, тіркелген ұялы телефон нөмірін өзгерткен жағдайда Жеңімпаз Жоба сыйлығын алу құқығынан айырылады. Чекті басқа телефон нөмірімен қайта тіркеуге жол берілмейді.
8.3. Сыйлық табыстау үшін Жеңімпаздарды анықтау жүйесі.
8.3.1 Жеңімпаздарды анықтау жүктелген Чектердің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Әрбір Өнім бірлігі Сыйлық алу үшін 1 (бір) мүмкіндікке тең.
8.3.2 Чекті тіркеу кезінде Қатысушыға, егер Қатысушының Чегі тіркелген алғашқы 30 (отыз) фискалдық чекке кірсе, кепілдендірілген Сыйлық ала алатындығы туралы, сондай-ақ Сыйлықтар алу үшін жеңімпазды Апта сайын және Ай сайын анықтауға қатысатыны туралы хабарланады.
8.3.3 Жоба ережелеріне сәйкес фискалдық чектерді тіркеген алғашқы 30 (отыз) Қатысушы welcome-pack сыйлығына құқылы. Тіркелген чектер санына қарамастан, 30 (отыз) алғашқы Қатысушылардың әрқайсысы (бірегей мобильді нөмір бойынша) Жобаның барлық кезеңінде бір ғана кепілдендірілген сыйлық алуға мүмкіндігі бар.
8.3.4 Апта сайынғы және ай сайынғы сыйлықтар алуға арналған Жоба Жоба ережелеріне сәйкес, Жоба Қатысушылары арасында кездейсоқ іріктеу арқылы жеңімпаздарды анықтайтын арнайы компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырып жүргізіледі.
8.3.5 Апта сайынғы сыйлық Жобада айқындалады және Жоба ережелеріне сәйкес келетін жеке кабинетте 1 (бір) және одан да көп чек беру ұтыс ойыны сәтіне Жобаның басынан бастап тіркелген Қатысушылар арасында беріледі. Миллер Өнімінің чектегі әрбір позициясы Апта сайынғы сыйлықты алу үшін 1 (бір) мүмкіндікке тең/ие, ол үшін 1 ұпай беріледі. Қатысушының ұпайлары неғұрлым көп болса, сыйлық алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
8.3.6 Ай сайынғы сыйлық Жобада айқындалады және Жобаның басталуынан бастап Жоба ережелеріне сәйкес келетін 1 (бір) және одан да көп чектерді тіркеген және ағымдағы айда 5 және одан да көп балл жинаған Қатысушылар арасында беріледі. Миллер өнімінің чектегі әрбір позициясы апта сайынғы сыйлық үшін күресте 1 (бір) мүмкіндікке тең/ие, ол үшін 1 ұпай беріледі. Қатысушының ұпайлары неғұрлым көп болса, сыйлық алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
8.3.7 Басты сыйлық Жобада айқындалады және Жоба басталғаннан бастап жеңімпаз анықталған сәтке дейін Жобаның ережелеріне сәйкес келетін жеке кабинетте 1 (бір) және одан да көп чек берген және ағымдағы айда 5 және одан да көп балл жинаған Қатысушылар арасында беріледі. Әрбір чек негізгі сыйлық үшін күресте 1 (бір) мүмкіндікке тең. Қатысушының тіркелген чектері неғұрлым көп болса, сыйлық алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
8.3.8 Сыйлықтардың жеңімпаздары анықталғаннан кейін Ұйымдастырушы Сайтта тіркелу кезінде Қатысушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне қоңырау шалу немесе Сайтта Чекті тіркеу кезінде Қатысушы көрсеткен Telegram-Боттағы ұялы нөмірге мәтіндік хабарлама арқылы Жобаның нәтижелері туралы жеңімпаздарды хабардар етеді.
8.3.9 Егер қандай да бір себептермен (ұялы телефон байланыс аймағынан тыс, жеңімпаз қоңырауға жауап бермейді және т.б.) Ұйымдастырушы Жеңімпаз анықталған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Жеңімпазбен байланыса алмаса, жеңімпаз сыйлық алу мүмкіндігін жоғалтады, ал сыйлық Баламалы үміткерге қайта тағайындалады. Баламалы үміткермен байланыс болмаған жағдайда сыйлық келесі Баламалы үміткерге өтеді.
8.3.10 Жоба Жеңімпаздарының есімдері Сайтта, "Жеңімпаздар" бөлімінде сыйлық алуға жеңімпаз анықталғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жариялануға тиіс.
8.3.11 Сыйлық Жеңімпаздарының толық тізімі сайтта 2023 жылдың 16 қыркүйегінен кешіктірілмей орналастырылады.
8.3.12 Сыйлықтарды ақшалай түрде беру көзделмеген.
8.3.13 Сыйлықтарды алушыларды Ұйымдастырушы ұялы телефонына қоңырау шалу арқылы сыйлықты жеткізу мекенжайын нақтылау үшін хабардар етеді, әрі қарай Сыйлық Қатысушыға Курьерлік қызметпен Курьерлік қызметті тасымалдау қағидаларында көзделген мерзімдерде жіберілетін болады.


9. Басқа шарттар:
9.1 Ұйымдастырушы Жобаны өткізу кезеңі ішінде осы Ережеге өзгерістер енгізуге және сыйлық қоры тау-сылған жағдайда Жобаны мерзімінен бұрын аяқтауға құқылы. Бұл ретте осы Ереженің кез келген өз-герістері туралы ақпарат Сайтқа жарияланады.
9.2 Осы Ережені сақтамау фактісі анықталған жағдайда Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту;
9.3 Осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспаған-да, қатысушылармен жазбаша келіссөздер жүргізбеу немесе кез келген басқа да байланысқа түспеу;
9.4 Егер Қатысушы сыйлық алудан бас тартса неме-се Сыйлық жіберу үшін нақты ақпарат бермесе, Қатысушының сыйлықты алмауына байланысты та-лабын қарастырудан бас тарту;
9.5 Қатысушылардан осы Ережеде көзделген жағдайларда қажетті ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсынуға арналған, сондай-ақ Сыйлықтар беруді жүзеге асыру үшін өзге де құжаттарды талап ету;
9.6 Осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Ұйымдастырушы жобаны өткізумен байланысты емес мақсаттар үшін Қатысушылар туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге құқылы.
9.7. Жоба Қатысушыларына Сайттағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ тіркелу кезінде көрсетілген Қатысушының ұялы телефон нөміріне хабарламалар мен ақпараттық хабарламалар жіберу.

10. Аккаунтты бұғаттау:
10.1 Жобаға Қатысушы қатарынан 5 (бес) қате кодты тіркеуге әрекет еткен жағдайда Қатысушының ұялы телефон нөмірі бұғатталады, ал Қатысушы осы ұялы телефон нөмірінен кодтарды қате Чекті тіркеудің соңғы әрекетінен бастап 1 (бір) сағатқа тіркеу құқығынан айырылады;
10.2 Егер Қатысушы Чекті жобаға қатысуға өтінім-дерді қабылдау кезеңінің басында және / немесе аяқталғаннан кейін тіркеген жағдайда Қатысушының бұл чегі тіркелмейді;