Правила участия
Miller Tribe-тың бір бөлігі атан!» ЖОБАСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
(әрі ҚАРАЙ – «Жоба ережесі» немесе «Ереже»)

1. Жалпы ережелер
1.1 Жоба туралы жалпы мәліметтер:
1.1.1 «Miller Tribe-тың бір бөлігі атан!» (әрі қарай – «Жоба») Жобасының ұйымдастырушысы мына мекенжайда орналасқан «Эфес Қазақстан» ШК АҚ-тың Алматы филиалы (мәтін бойынша әрі қарай – «Ұйымдастырушы») болып табылады: 040912, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай а/о, Береке ауылы, 062 есептік орам, 112 құрылыс.
1.1.2 Жоба «Miller Genuine Draft” брендінің танымалдылығын арттыруға бағытталған.
1.1.3 Жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
1.1.4 Жоба лотерея емес және міндеті өнімді жарнамалау болып табылатын іс-шара емес, тек ақпараттық сипатта болады және қатысқаны үшін сыйлықтар беру түрінде өткізіледі.
1.1.5 Жобаға қатысу үшін төлем алынбайды.
1.1.6 Жобаға қатысушылар жобаға қатысуға және сыйлық алуға байланысты талаптарды жоба ережелерімен белгіленген тәртіпте және мерзімде сақтауға міндетті.
1.1.7 Жобаны өткізу шарттары, оны өткізу барысы туралы барлық ақпарат сайтта жарияланады www.miller-music.kz (бұдан әрі мәтін бойынша - "Сайт").

2. Жобаға қатысу шарттары:
2.1 Жобаға жиырма бір жасқа толған, Жоба Ережелерімен келіскен және барлық қатысу шарттарын орындаған Қазақстан Республикасының азаматы (әрі қарай – «Қатысушы”) қатыса алады.
2.2. Жобаға «Эфес Қазақстан» ШК АҚ және оның Алматы филиалының қызметкерлері, олардың жақын туыстары, сондай-ақ Ұйымдастырушымен жұмыстарды орындауға және/немесе қызметтерді көрсетуге азаматтық-құқықтық шарттар және өзге де шарттар жасасқан жеке тұлғалар қатыса алмайды.
2.3 Сайттағы Жобаға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушымен және осы Жобаны жүзеге асырумен тікелей байланысты үшінші тұлғалармен өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға, сондай-ақ Жобаны өткізу, сыйлықтарды тапсыру және жеткізу, Жоба нәтижелерін жариялау мақсатында олардың арасындағы дербес деректермен алмасуға келісімін береді.
2.5 Жобаға «Miller Genuine Draft» тауар белгісінің келесі өнімдері (әрі қарай – Өнім) қатыстырылады:
MILLER GENUINE DRAFT ақшыл сырасы, 4,4%, шыны бөтелке, 0.33 л
MILLER GENUINE DRAFT ақшыл сырасы, 4,4%, шыны бөтелке, 0.5 л
MILLER GENUINE DRAFT ақшыл сырасы, 4,4%, шыны бөтелке, 0.33 л * 6 мультипак
MILLER GENUINE DRAFT ақшыл сырасы, 4,4%, қаңылтыр банкі, 0.45 л

3. Жоба өткізілетін аумақ: Қазақстан Республикасы.
4. Жоба өткізілетін мерзім:
4.1 Жоба өткізілетін мерзім: 2022 жылдың «8» шiлдесi мен 2022 жылдың «31» тамызы аралығы.
4.3 Жобаға қатысу үшін Фискалдық чектерді (әрі қарай – «Чек») тіркеу мерзімі: 2022 жылдың «8» шiлдесi мен 2022 жылдың «31» тамызы аралығы.
4.4 Сыйлықтар алуға құқылы адамдарды анықтау және Жобаның нәтижесін Сайтқа жариялау күні: 2022 жылдың «8» шiлдесi мен 2022 жылдың «31» тамызы аралығы.
4.5 Сыйлықтарды беру мерзімі: 2022 жылдың «8» шілдесі мен 2022 жылдың «31» тамызы аралығы.

8 шiлдесi мен 31 тамызы

5. Қатысушыларды жобадан шығару:
5.1 Қатысушы Ереженің 8.1.13-тармағына сәйкес бір фотосуретті жариялау арқылы қатысады.
5.2. Қатысу мынадай жағдайларда жоққа шығарылады:
5.3 Қатысушы 21 жасқа толмаған;
5.4 Қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы емес;
5.5 Қатысушы Сайтта өз атына бірнеше жалған аккаунт тіркеген;
5.6 Қатысушы Жобада жеңіске жету мүмкіндігін арттыру үшін жосықсыз әдістерді қолданған.

6. Сыйлықтар қоры:
6.1 Жобаның сыйлықтар қорына Welcome-pack, Апта сайынғы, Ай сайынғы сыйлықтар және Негізгі сыйлық кіреді.
6.2 Welcome-pack: брендтелген материалдары бар сыйлық жиынтығы (футболка, белге тағатын сөмке, қуат беру құрылғысы, фестивальге 2 билет) – тіркелген алғашқы 40 қатысушыға.
6.3 Апта сайынғы сыйлықтар: JBL колонкасы, JBL құлаққаптары, бір жылдық Miller қоры, фестивальге 2 билет – 8 жеңімпазға.
6.4 Ай сайынғы сыйлық: iPhone 13 телефоны, фестивальге 2 билет – 2 жеңімпазға.
6.5 Негізгі сыйлық: винил ойнатқыш, Marshall колонкасы, iPhone 13 телефоны, Яндекске бір жылдық жазылым, Miller сырасының бір жылдық қоры, Miller Tribe Festival винил пластинкасын қамтитын, сауық кешке арналған жиынтық – 1 дана.
6.6. Сыйлықтар саны шектеулі.

7. Жобаға қатысу.
7.1 Жобаға қатысу үшін:
7.1.1 Бақылау-касса машинасының фискалдық чегінің нысаны мен мазмұны туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін Miller Genuine Draft өнімі (бұдан әрі – "Өнім") бар чекті Жоба Ережесінің 4-тармағына сәйкес мерзімде Сайтқа тіркеу (әрі қарай – «Чек») керек.
7.1.2 Сайтта тіркеуден өту: 21+ дисклеймерінен өткеннен кейін Сайттың тиісті бөліміндегі тіркеу нысанын толтыру керек.
7.1.3 Тіркеу нысанының міндетті жолақтары:
· Аты;
· Тегі;
· Қаласы;
· Ұялы телефон нөмірі;
· Қатысушының Жоба Ережелерімен келісуі.
· Туған күні.
7.1.4. Егер Қатысушы қандай да бір міндетті жолақтарды толтырмаса, өткізіп алған жолақты толтыру қажеттілігі туралы хабарлама алады.
7.1.5 Ұялы телефон нөмірі Жобаға Қатысушының идентификаторы болып табылады. Бұл нөмірге Апта сайынғы және Ай сайынғы сыйлықтарды ұту ойынына қатысу үшін идентификаторлар берілген тіркелген чектер қосылады. Ұялы телефон нөмірі Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторына тиесілі болуы тиіс.
7.2 Чекті Жоба Ережесінің 8.1-тармағының талаптарына сәйкес Сайтқа тіркеу керек.
7.3 Чекте келесі ақпараттың болуы міндетті талап болып табылады:
7.3.1 Сатып алынған Өнімнің атауы және саны;
7.3.2 Сатып алынған Өнімнің құны
7.3.3 Сауда орнының мекенжайы;
7.3.4 Өнімді сатып алу күні мен уақыты.
7.4 Жобаға оны өткізу кезеңінде сатып алынған Өнімнің Чектері ғана қатыстырылады.
7.5 Жоба Ережесінің 4-тармағына сәйкес Жобаны өткізу мерзіміне сәйкес келмейтін сатып алу күні көрсетілген чектер Жобаға қатыстырылмайды.
7.6 Жоба Ережесінің 7.3-тармағында көрсетілген қандай да бір ақпарат жоқ және фискалдық чектердің нысаны мен мазмұнына қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін чектер Жобаға қатыстырылмайды.

8. Жобаға қатысу тетігі.
8.1. Чекті Сайтқа тіркеу:
8.1.1. Чекті тіркеу үшін Тіркеу нысанының барлық жолақтарын толтыру, сондай-ақ Дербес деректерді өңдеуге келісім беру және Жоба ережелерімен келісу қажет.
Сайтқа тіркелу кезінде Қатысушы енгізген деректер дәл, дұрыс және өзекті (шынайы) болуы тиіс.
8.1.2. Қатысушы Чекті дұрыс тіркеген жағдайда оған бірегей идентификатор беріледі.
8.1.3. Қатысушы Чекті тіркеу туралы жауап хабарламада Чектің жүйеге жүктелгені туралы хабардар етіледі.
8.1.4 Чекті Жоба Ережелеріне сәйкестікке верификациялағаннан кейін Қатысушы бұл туралы ұялы телефон нөміріне қосымша хабарлама алады.
8.1.5 Чектерді Ұйымдастырушының дерекқорына тіркеу Жоба кезеңінде күн сайын Жоба Ережесінің 4-тармағына сәйкес 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.
8.1.6 Чекті тіркеу кезінде Қатысушыға фискалдық чекті жүктеу нысанын пайдалана отырып, Чектің суретін (JPEG, JPG, PNG форматындағы Чектің сканерленген көшірмесін немесе фотосуретін) жүктеу, сондай-ақ Чекте көрсетілген деректерді арнайы жолақтарды көрсете отырып, Чектің Тіркеу нысанын (бұдан әрі - "чектің тіркеу нысаны") Сайтта толтыру қажет:
· Сатып алынған күні (Чекте көрсетілген);
· Чек сомасы.
8.1.7 Чекті жүктегеннен кейін Қатысушы Чегінің Тіркеу нысанында «Чек модерацияға қабылданды» деген ақпарат көрсетіледі.
8.1.8 Әрбір тіркелген Чекке модерациядан өту үшін тапсырыстың бірегей реттік нөмірі (әрі қарай – "Тапсырыс нөмірі") беріледі.
8.1.9 Чекті Сайтқа тіркегеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушы Чектің Жоба Ережесінің талаптарына сәйкестігіне тексеру (әрі қарай – "Модерация") жүргізеді.
8.1.10 Модерация Нәтижелері:
· Егер Чек Жоба Ережесінің талаптарына сәйкес келсе, Чекті Сайтқа тіркеу кезінде көрсетілген Қатысушының ұялы телефон нөміріне модерацияның сәтті болғаны туралы ақпараты бар мәтіндік хабарлама жіберіледі;
· Сайтта Тіркеу нысанын толтыру кезінде Қатысушы ұсынған деректердің Жоба Ережесіне немесе Сайтқа жүктелген Чектің Жоба талаптарына сәйкессіздіктері анықталған жағдайда Қатысушыға тіркеу кезінде көрсетілген ұялы телефон нөміріне жүктелген Чектің деректері Жоба Ережесіне сәйкес келмейтіндігі туралы мәтіндік хабарлама жіберіледі.
8.1.11 Мынадай жағдайларда чектер Жобаға қатыстырылмайды:
· Сайтта Чекті тіркеу нысанына енгізілген Чек деректерінің және Сайтқа жүктелген Чек суретіндегі деректердің сәйкессіздігі;
· Чекте көрсетілген күн Жоба Ережесінің 4-тармағында көрсетілген кезеңге сәйкес келмейді;
· Ұйымдастырушы чекті түпнұсқа Чек ретінде анықтай алмаған жағдайда (Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін және т.б. қателері бар); Чек зақымданған/Чек тұтас емес. Чектің бүтіндігі толық көлемде сақталуы тиіс. Егер Чек мыжылған, дымқыл, жыртылған, чектегі ақпарат оқылмайды және т. б. сияқты кез келген механикалық әсерлерге ұшыраған болса, жарамсыз болып саналады;
· Сайтқа жүктелген Чектің суреті анық емес, бұлыңғыр, Чектегі ақпаратты оқу мүмкін емес;
Чек Жоба Ережесінің 8.1.7 және 7.3 тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді.
8.1.13. 1 (бір) Чек Сайтта бір рет тіркелуі мүмкін. Қатысушы бір чектің деректерін екі және одан да көп рет тіркеуге әрекет еткен жағдайда Чектің қайталама деректері де, Чектің өзі де Жобаға қатысуға қабылданбайды.
8.1.14. Қатысушылар тіркеген чектердің барлық суреттері Жобаға Қатысушылар туралы ақпаратты қамтитын Ұйымдастырушының дерекқорында (әрі қарай «Ұйымдастырушының дерекқоры») сақталады.
8.1.15. Чектерді Ұйымдастырушының Дерекқорына тіркеу күн сайын Жоба Ережесінің 4-т. сәйкес Жоба кезеңінде 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.
8.1.16. Әрбір қатысушы Жоба Ережесінің талаптары орындалған жағдайда Жобаға шектеусіз қатысуға (Чектердің шектеусіз санын тіркеуге) құқылы.
8.2 Ұйымдастырушы Қатысушымен өздеріне берілген байланыс арналары – ұялы телефон арқылы хабарласа алады. Қатысушы тіркеген ұялы телефон нөмірі Жобаның бүкіл мерзімі ішінде қатысушыда сақталуы тиіс. Үшінші тұлғалар ұялы телефон нөмірін иеліктен шығарған жағдайда, тіркелген ұялы телефон нөмірін өзгерткен жағдайда Жеңімпаз Жоба сыйлығын алу құқығынан айырылады. Басқа телефон нөмірі бар Чекті қайта тіркеуге жол берілмейді.
8.3. Сыйлықтарды тапсыру үшін жеңімпаздарды анықтау схемасы.
8.3.1 Жеңімпаздарды анықтау жүктелген чектердің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Әрбір чек 1 (бір) мүмкіндікке тең.
8.3.2 Егер Қатысушының чегі тіркелген алғашқы 40 (қырық) фискалдық чекке кіретін болса, Чекті тіркеу кезінде Қатысушыға оның Welcome-pack алатыны туралы,
сондай-ақ оған апта сайын және ай сайын сыйлықтар алуға қатысатыны туралы хабарланады.
8.3.3 Тіркелген чектердің санына қарамастан, Жоба ережелеріне сәйкес келетін 40 (қырық) фискалдық чекті бірінші болып тіркеген қатысушылар welcome-pack сыйлығын алуға құқылы. Әрбір Қатысушы (бірегей ұялы телефон нөмірі бойынша) Жобаның барлық кезеңінде тек бір welcome-pack сыйлығын ала алады.
8.3.4 Апта сайынғы және ай сайынғы сыйлықтарды алу
Жоба Ережесіне сәйкес Жобаға Қатысушылар арасында кездейсоқ таңдау арқылы Жеңімпаздарды анықтайтын арнайы компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырып жүзеге асырылады.
8.3.5 Апта сайынғы сыйлық Жобаның Ережелеріне сәйкес келетін жеке кабинетте 1 (бір) және одан көп чек беру сәтінде Жобаны алғаш тіркеген Қатысушылар арасында беріледі. Әр чек апта сайынғы сыйлық үшін күресте 1 (бір) мүмкіндікке тең. Қатысушының тіркелген чектері неғұрлым көп болса, сыйлық алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
8.3.6 Ай сайынғы сыйлық Жоба басталғаннан бастап Жоба ережелеріне сәйкес келетін 1 (бір) және одан да көп чек берілген сәтке дейін тіркелген Қатысушылар арасында беріледі. Әр чек ай сайынғы сыйлық үшін күресте 1 (бір) мүмкіндікке тең. Қатысушының тіркеген чектері неғұрлым көп болса, сыйлық алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
8.3.7 Негізгі сыйлық Жоба басталғаннан бастап Жоба Ережелеріне сәйкес келетін, жеке кабинетте 1 (бір) және одан көп чек берілген сәтке дейін тіркеген қатысушылар арасында беріледі. Әрбір чек негізгі сыйлық үшін күресте 1 (бір) мүмкіндікке тең. Қатысушының тіркеген чектері неғұрлым көп болса, сыйлық алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
8.3.8 Сыйлық Жеңімпаздарын анықтағаннан кейін Ұйымдастырушы мұндай жеңімпаздарға Сайтқа тіркелу кезінде Қатысушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе Чекті сайтқа тіркеу кезінде Қатысушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне мәтіндік хабарлама жіберу арқылы хабарлайды
8.3.9 Егер қандай да бір себептермен (ұялы телефоны қамту аймағынан тыс жерде болса, Жеңімпаз қоңырауға жауап бермесе және т.б.) Ұйымдастырушы Жеңімпаз анықталған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде жеңімпазбен хабарласа алмаса, Жеңімпаз жеңіске жету мүмкіндігін жоғалтады, ал сыйлық Балама үміткерге беріледі. Балама үміткермен байланыс болмаған жағдайда, сыйлық келесі Балама үміткерге өтеді
8.3.10 Жеңімпаздардың есімдері Сыйлықтар кезекті түрде берілгеннен кейін 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Сайттың "Жеңімпаздар" бөлімінде жарияланады.
8.3.11 Сыйлық Жеңімпаздарының толық тізімі Сайтқа 2022 жылдың 31 тамызынан кешіктірілмей жарияланады.
8.3.12 Сыйлықтардың ақшалай баламасы берілмейді.
8.3.13 Сыйлық алушыларға Ұйымдастырушы сыйлықты жеткізу мекенжайын нақтылау үшін телефон арқылы қоңырау шалады, сол бойынша курьерлік қызмет оның тасымалдау ережелерінде қарастырылған мерзімде сыйлық Қатысушыға жіберіледі.

9. Жобаға Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
9.1 Қатысушылардың құқықтары:
9.1.1 Жобаның Ережелерімен танысу және осы Ережеде көрсетілген дереккөздерден ақпарат алу.
9.1.2 Осы Ережеде белгіленген тәртіппен Жобаға қатысу.
9.2 Қатысушылардың міндеттері:
9.2.1 Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болу.
Ережеде белгіленген талаптарды сақтау, Жобаға қатысуға және сыйлықтар алуға байланысты барлық іс-әрекеттерді Ережеде белгіленген тәртіппен және мерзімде орындау, сондай-ақ көрсетілген ережелерді сақтамаудың барлық қауіптері мен салдарына жауап беру.
9.2.2 Өздеріне ұсынған ақпараттың шынайылығы үшін жеке жауапкершілікте болу.
9.2.3 осы Ережеде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді атқару.
9.3 Жобаға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушының және осы жобаны жүзеге асырумен тікелей байланысты үшінші тұлғалардың өз дербес деректерін жинауына, өңдеуіне, сақтауына, пайдалануына, сондай-ақ Жобаны өткізу, сыйлықтарды табыстау және жеткізу мақсатында олардың арасында дербес деректермен алмасуға, сондай-ақ кодтарды жинауда жоғары нәтижеге қол жеткізген жағдайда Сайтқа өз атын жариялауға келісім береді.
9.4 Ұйымдастырушының құқықтары:
9.4.1 Ұйымдастырушы Жобаны өткізу кезеңі ішінде осы Ережеге өзгерістер енгізуге және сыйлық қоры таусылған жағдайда Жобаны мерзімінен бұрын аяқтауға құқылы. Бұл ретте осы Ереженің кез келген өзгерістері туралы ақпарат Сайтқа жарияланады.
9.4.2 Осы Ережені сақтамау фактісі анықталған жағдайда Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту;
9.4.3 Осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылармен жазбаша келіссөздер жүргізбеу немесе кез келген басқа да байланысқа түспеу;
9.4.4 Егер Қатысушы сыйлық алудан бас тартса немесе Сыйлық жіберу үшін нақты ақпарат бермесе, Қатысушының сыйлықты алмауына байланысты талабын қарастырудан бас тарту;
9.4.5 Қатысушылардан осы Ережеде көзделген жағдайларда қажетті ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсынуға арналған, сондай-ақ Сыйлықтар беруді жүзеге асыру үшін өзге де құжаттарды талап ету;
9.4.6 Осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Ұйымдастырушы жобаны өткізумен байланысты емес мақсаттар үшін Қатысушылар туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге құқылы.
9.4.7. Жоба Қатысушыларына Сайттағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ тіркелу кезінде көрсетілген Қатысушының ұялы телефон нөміріне хабарламалар мен ақпараттық хабарламалар жіберу.
9.5 Ұйымдастырушының міндеттері:
9.5.1 Жобаны осы Ережеге сәйкес өткізу;
9.5.2 Осы Ережеге сәйкес Жоба шарттарын орындаған қатысушыларға сыйлықтар беру;
9.5.3 Ұйымдастырушыға берілген Қатысушылардың дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық талаптарды сақтау.
9.5.4 Жоба шарттары мен Ережелері өзгерген жағдайда Сайтқа тиісті жаңартылған ақпаратты жариялау.

10. Аккаунтты бұғаттау:
10.1 Жобаға Қатысушы қатарынан 5 (бес) қате кодты тіркеуге әрекет еткен жағдайда Қатысушының ұялы телефон нөмірі бұғатталады, ал Қатысушы осы ұялы телефон нөмірінен кодтарды қате Чекті тіркеудің соңғы әрекетінен бастап 1 (бір) сағатқа тіркеу құқығынан айырылады;
10.2 Егер Қатысушы Чекті жобаға қатысуға өтінімдерді қабылдау кезеңінің басында және / немесе аяқталғаннан кейін тіркеген жағдайда Қатысушының бұл чегі тіркелмейді;

11. Дау-дамайлар:
Осы Жобаны өткізу шеңберінде туындаған барлық дау-дамайларды шешу үшін Ұйымдастырушы мен Қатысушылар келіссөздер жүргізеді. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, осы Жоба шеңберінде туындаған барлық дау-дамайлар Ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша және Қазақстан Республикасының нормалары мен материалдық құқығына сәйкес сотта түпкілікті шешіледі. Қатысушылар жобаға қатысу арқылы шарттық соттылыққа келісім береді.